Меню KDT
 

Инструкции по системе

Жауап:

Платформаның барлық сайттарының жоғары бөлігінде глобальді мәзір бар. Глобальді мәзірдің оң жағында "Войти" батырмасын басыңыз.



Одан кейін Сіз авторизациялау бетіне өтесіз. Осы бетте "Создать аккаунт" батырмасын басыңыз.



Сіз тіркелу бетіне өтесіз. Тіркелу 3 қадамнан тұрады. Бірінші ретте аты-жөніңізді (қалауыңыз бойынша), жынысыңызды және логиніңізді көрсету керек. Логин аты – жөніңізді талдау арқылы автоматты түрде жасалынады. Егер қаласаңыз логинді бірден өзгертуге болады, тіркелгеннен кейін логинді өзгертуге болмайды! Сондықтан абай болыңыз ! Тіркелуді жалғастыру үшін "Далее" батырмасын басыңыз.



Екінші қадамда электрондық поштаңызды (email) немесе ұялы телефоныңыздың нөмірін көрсету керек. Осы екеуінің біреуін міндетті түрде көрсету керек (не email, не ұялы телефоныңыздың нөмірін немесе екеуін де). Тіркелуді жалғастыру үшін "Далее" батырмасын басыңыз.



Үшінші қадамда аккаунтқа кіруге арналған құпия сөз ойластыру қажет. Құпия сөз сенімді және есте сақтауға қиын емес болу керек. Құпия сөз кем дегенде бір бас әріптен, кіші әріптен және сандардан тұратын саны сегізден кем емес болу керек. Арнайы таңбаларды қолдануға рұқсат бар. Ағылшын әліпбиінің әріптері мен таңбаларын қолдануға рұқсат етілмейді. Тіркелуді аяқтау үшін " Зарегистрироваться " батырмасын басыңыз.



Тіркелу бірнеше минутқа созылуы мүмкін. Тіркелу аяқталмағанша бетті жаппаңыз және жаңартпаңыз. Тіркелуден өткен соң сізге компанияны тіркеуді ұсынады. Компанияны тіркеу үшін "Да, зарегистрировать компанию" батырмасына басып және қажетті жолдарды толтыру қажет. Егер сізде компания болмаса "Нет, завершить регистрацию" батырмасын басыңыз.




Мына беттің шығуы тіркелу барысының сәтті өткендігін білдіреді.



Сіз тіркелу барысында көрсеткен электрондық поштаңызға (email) тіркелуді растауға арналған сілтеме хат келеді. Хаттағы сілтемеге өтіңіз немесе хатта "Перейти по ссылке" батырмасына басыңыз.



"Подтверждение электронного адреса прошло успешно!" деген хабарлама шықса, тіркелу барысы және электрондық поштаны растау аяқталды.


lexinzector     04.01.2017 в 00:00


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь