Болады. Сіз бірнеше компанияда қатар жұмыс жасау барысын жеңілдетіп, бір аккаунтқта бірнеше компанияны тіркей аласыз.
Әртүрлі компанияларда бір уақытта бизнес жүргізу үшін бірнеше аккаунт жасаудың қажеті жоқ. Барлығын бір аккаунтпен жасауға болады.
Бір логин және құпия сөз, бір аккаунт және сол аккаунттағы бірнеше компания.
Жеке кабинет - бұл пайдаланушы платформада қолданылатын қызмет көрсету санын шоғырландыра алатын, виртуалды жұмыс кеңістігі.
Жеке кабинетке платформадағы кез келген сайтта тіркелу арқылы өтуге болады.
Содан кейін глобальді мәзірде "Кабинет" батырмасын басу.
Немесе меңзерді глобальді мәзірдегі аватарға меңзеп, пайда болған қосымша терезеде "Кабинет" батырмасын басу.
Бір аккаунттан басқа аккаунтқа ауысу үшін глобальді мәзірде «Кабинет» батырмасын басып,кабинетке ауысу керек. Егер сіз кабинетте болсаңыз, қайтадан кабинетке ауысудың қажеті жоқ.
Кабинет мәзірінде (Глобальді мәзірдің астында) аккаунт ауыстыру батырмасын басу керек. Батырма глобальді мәзірдің астында, экранның оң жағында орналасқан. Содан кейін қосымша мәзірден қажетті компанияны немесе қажетті аккаунтты таңдау керек.
Аккаунтты таңдағаннан кейін бет қайта жүктеледі және сіз таңдаған аккаунтқа ауысады.
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба? Аккаунттың құпия сөзін қалпына келтіру формасын қолданыңыз: cab.kdt.kz/recovery.
Құпия сөзді еске салу функциясын қолданғаннан кейін сіздің электрондық поштаңызға сілтеме жіберіледі. Сілтеме арқылы өтіп, сіз kdt-аккаунттыңызға жаңа құпия сөз орната аласыз.
Егер сіз құпия сөзіңізді біліп, бірақ басқа құпия сөзге ауыстырғыңыз келсе, сіздің жеке бетіңізде "Смена пароля аккаунта" (глобальді мәзірдің оң жақ жоғарғы жағында сіздің "Аватарка" → "Сменить пароль аккаунта" батырмасы) бетіне ауысыңыз.
Егер сізге логин және құпия сөз автоматты түрде беріліп, сіз құпия сөзді ауыстырып, бірақ жаңа email-ды орнатпаған болсаңыз, онда құпия сөзді техникалық қолдау қызметі арқылы қалпына келтіре алаcыз (ticket.kdt.kz).
Егер сізге логин және құпия сөз автоматты түрде беріліп, сіз құпия сөзді ауыстырып, жаңа email-ды орнатып, бірақ оны растамаған болсаңыз (сіздің жаңа электрондық поштағызға жіберілген хаттағы сілтеме бойынша өтіпеген, хат келмеген немесе жаңа email-ды енгізу кезінде қателік жіберілген кезде ), онда құпия сөзді техникалық қолдау қызметі арқылы қалпына келтіре алаcыз (ticket.kdt.kz).
Егер сізге логин және құпия сөз автоматты түрде беріліп, сіз құпия сөзді не логиніңізді ұмытып қалсаңыз (мысалы, сайтқа жауапты қызметкер ауысса)(құпия сөз бастапқы уақыттан бері бір рет те өзгертілмесе), онда құпия сөзді техникалық қолдау қызметі арқылы қалпына келтіре аласыз (ticket.kdt.kz). Ол үшін жасалынып жатқан тикетке сәйкесінше құпия сөзді қалпына келтіру формасын толтырып (жүктеу), тіркеу (форманы басып шығару, толтыру, компанияның мөрін қою, pdf форматында сканерленген нұсқасын жасап тикетке тіркеу) қажет.
Telegram-ды аккаунтқа тіркеу телефон нөмірін тіркеу сияқты оның қауіпсіздігін күшейтеді. Аккаунтқа қол жетімділікті жоғалтып алған кезде, аккаунтқа тіркелген Telegram арқылы оңай қалпына келтіре аласыз.